Пан Ги Мун БҰҰ босқындар ісі бойынша жоғарғы комиссарды ауыстыруға ниетті

Фотография - Пан Ги Мун БҰҰ босқындар ісі бойынша жоғарғы комиссарды ауыстыруға ниетті

Ұйымның баспасөз қызметінен хабарлағандай, Пан Ги Мун ұйымға мүше елдердің аймақтық топ төрағаларымен кеңескен соң осындай шешімге келген

203 0

БҰҰ Бас хатшысы ұйымның босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссары лауазымына италиялық Филиппо Грандиді тағайындамақ. Бұл шешімі туралы Пан Ги Мун БҰҰ Бас Ассамблеясында ескертті, деп жазды РИА «Новости» .
Ұйымның баспасөз қызметінен хабарлағандай, Пан Ги Мун ұйымға мүше елдердің аймақтық топ төрағаларымен кеңескен соң осындай шешімге келгенін жеткізді. 

Енді жарияланған кандидатура мәселесі келесі аптада қарастырылады.

Гранди 2010 жылдан 2014 жылға дейін палестиналық босқындарға көмектесу және жұмыстарды ұйымдастыру бойынша Таяу шығыстағы агенттікті (UNRWA/БАПОР) басқарды, оған дейін Ауғанстандағы БҰҰ миссиясы арнайы өкілінің орынбасары болды. Бұрын Гранди босқындар ісі бойынша БҰҰ жоғарғы комиссар басқармасында түрлі қызметтерде болған. Ол Судан, Сирия, Түркия, Иракта жұмыс істеді, сонымен қатар Кения, Конго Демократиялық республикасы мен Йемендегі жедел шараларға қатысты. 

Қазіргі уақытта 2005 жылдан бері БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссар болып Антониу Гутерриш қызмет етуде.


ҚазАқпарат

 


Тегтер:

БҰҰ пан ги мун

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!