Малайзия дүкендерінде харам тағамдарды оқшаулап қоймақшы

Фотография - Малайзия дүкендерінде харам тағамдарды оқшаулап қоймақшы

Супермаркеттерде харам тағамдарды тасуға арналған арбалар қызыл түсті болса, халал тағамдарға арналған арбаларды басқа түсте болады.

424 0

Малайзия мемлекеті дүкендердегі халал және харам тағамдардың арасын ажыратып, оларға көрсетілетін қызмет түрлерін де бөлектейтін жаңа заң жобасын әзірлеу үстінде. Жаңа заң жобасы бойынша, супермаркеттерде харам тағамдарды тасуға арналған арбалар қызыл  түсті болса, халал тағамдарға арналған арбаларды басқа түспен бояйтын болады. Бұл туралы muslim.kz сайты хабарлайды.

Бұған қоса, Малайзияның Ішкі сауда министрі Хамза Заинудин дүкендердегі кассаларды да халал және харам деп бөлуді ұсынып отыр. Оның айтуынша, мұсылмандар сатып алған тауарларының харам тағамдармен бірге тұрмағанына, тиіп кетпегеніне сенімді болуы керек.

Қазіргі уақытта Малайзиядағы кейбір супермаркеттерде халал емес өнімдер арнайы жеке бөлімдерде сатылады. Сондай-ақ, ол тауарларға үлкейтілген арнайы белгілер соғылып, мұсылмандардың пайдалануына жарамсыз екені жазылып қойылған.

Малайзиядағы мұсылмандар саны 30 млн жалпы халықтың 60 пайызын құрайды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!