Үндістанда су тасқынынан қаза тапқандар саны 27-ге жетті

Фотография - Үндістанда су тасқынынан қаза тапқандар саны 27-ге жетті

Соңғы төрт күн бойына Куддалор ауданында су тасқыны тоқтамады

6070 0

Үндістанның оңтүстік аймағында орналасқан Тамиланд штатында жауыннан болған су тасқынынан қаза тапқандар саны 27-ге жетті деп жазады The Hindu газеті. 

Бұған дейін 19 адам деп хабарланған болатын.

Соңғы төрт күн бойына Куддалор ауданында су тасқыны тоқтамады. 29 мыңнан астам адам 29 уақытша лагерлерге орналастырылды. Сондай-ақ, тұрғындар үшін азық-түлік және ауызсумен қамтамасыз ететін 26 асхана жұмыс істейді.

Сонымен бірге, соншалық тез жылдамдықпен ұйытқыған жел 2 мыңнан астам электр сымын үзіп кеткен. Қазір электрмен жабдықтау органдары 630 елді мекендердегі 430 электр сымын қалпына келтірген.

Синоптиктердің болжауынша, жақын күндерде судың деңгейі азайып, жағдай жақсарады.


baq.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!