Мексиканың оңтүстігінде полиция еңбек құлдығынан 50-ден астам баланы босатты

Фотография - Мексиканың оңтүстігінде полиция еңбек құлдығынан 50-ден астам баланы босатты

Билік өкілдері балалар еңбегін заңсыз пайдаланғаны үшін плантация иелеріне айыппұл салды

305 0

Мексиканың Федералдық полиция және прокуратура қызметкерлері Чиапас штаты Тапачулы ауданындағы кофе  плантациясында еңбек құлдығында болған 50-ден астам баланы құтқарды. Кәмелетке толмағандардың барлығы және олардың ата-аналары, жалпы алғанда 18 жанұя гватемалалық азаматтыққа ие, деп хабарлады ТАСC

"Бұл 18 жанұяда жалпы алғанда 54 кәмелет жасқа толмаған бала болды", - деді Чиапастағы Гватемаланың бас консулы Эктор Сипак. Оның сөзіне қарағанда, олар аптасына алты күн 10 сағаттан кофе дәндерін іріктеп жұмыс істеген. Кофенің әр келісі үшін оларға 1,5 песо ($0,09) ғана төлеп, дұрыс тамақ бермеген.

Билік өкілдері балалар еңбегін заңсыз пайдаланғаны үшін плантация иелеріне айыппұл салды. Осыдан кейін барлық отбасылар Гватемалаға оралды.

Көфе өндіретін 12 мексикандық штаттың ішінде Чиапас алдыңғы қатарларда. Ұлттық көші-қон  институтының ақпаратынша, аймаққа ауыл шаруашылығындағы жұмыстарда істеу үшін жыл сайын  75 мың гватемалалық барады, деп жазды ҚазАқпарат.


Тегтер:

әлем мексика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!