Бельгия шіркеулері босқындарға есігін ашты

Фотография - Бельгия шіркеулері босқындарға есігін ашты

Белгия билігі 36 000-ға жуық босқын қабылдауды жоспарлап отыр.

272 0

Бельгия үкіметі қазіргі уақытта Таяу Шығыс пен Африкадан ағылған босқындар легін орналастыру ісімен әлек болып отыр. Ел аумағына айына орта есеппен 4-5 мың босқын пана іздеп келетін көрінеді.

Дәл қазіргі уақытта бельгиялық уақытша орналастыру орындарының сыйымдылығы 23 000 адамға арналған. Алайда, ел билігі бұл көрсеткішті 36 000-ға жеткізуді жоспарлап отыр.

Ал, жақында ғана католиктік шіркеу басшысы қызметіне тағайындалған архиепископ Иозеф де Кезел босқындарды әзірге шіркеуге орналастыра тұру туралы ойын білдірді.

Canvas деп аталатын телеарна эфирінде Иозеф: «Бос тұрған үйлерді де осы мақсатта қолданғанымыз жөн деп ойлаймын», – деп мәселені шешудің тағы бір жолын ұсынды.

muslim.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!