Өзіне тіл тигізген әрбір пікір үшін бір доллар садақа беріп отырмақ

Фотография - Өзіне тіл тигізген әрбір пікір үшін бір доллар садақа беріп отырмақ

Қазіргі уақыттқа Сюзан Карланд ЮНИСЕФ қорына 1000 австралия долларын құйып үлгерген көрінеді.

246 0

Валид Али есімді австралиялық журналисттің жұбайы бұдан былай ғаламтордағы белгісіз біреулердің оның атына айтқан жағымсыз пікірлері мен жеккөрушілік толы сөздері үшін ЮНИСЕФ қорына 1 доллардан садақа беріп отырмақ. Бұл туралы muslim.kz хабарлайды.

Сюзан Карланд өзінің Фейсбук және Твиттер парақшасына күніне көптеген анонимді аккаунтардан қоқан-лоқы көрсетіп, ар-намысына күйе жағатын хаттар келетін айтады. Олар оны жиһадшы ретінде қабылдап, тіпті өлім тілейтіндерін де жасырмаған. Оның дұшпандары Сюзанды "жәбір көрсетуді, кісі өлтіруді, соғысты жақсы көреді", - деп ғайбаттаған.

Алғашында ғаламтор троллдарын бұғаттап, кейіннен өшіріп тастауға тырысқанымен, бұл әрекеттері нәтижесіз болып шыққан. Кейіннен ондай тролдар көбейіп кеткен соң Сюзан әрбір айтылған жағымсыз пікір үшін 1 доллар садақа беріп отыруға бел байлаған. Қазіргі уақыттқа дейін ол ЮНИСЕФ қорына 1000 австралия долларын құйып үлгерген көрінеді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!