Еуропа босқындар үшін жабық құрлыққа айналуы мүмкін

Фотография - Еуропа босқындар үшін жабық құрлыққа айналуы мүмкін

Кәрі құрлық босқындар үшін жабық аймаққа айналып барады

466 0

Кәрі құрлық босқындар үшін жабық аймаққа айналып барады. Бірақ өз елдеріндегі саяси ахуал мен соғыс қимылдарынан қажыған мигранттар алған бетінен қайтар емес.

Балқан дәлізінің бойындағы босқындардың ахуалын тілшіміз көріп қайтты.

Швеция бұл жолы Даниямен шекараға бақылау қызметін күшейтті. Ал Кәрі құрлыққа ағылған босқындар телеарнамызға берген сұхбатында енді осы елге қарай бағыт алғанын айтты.

 Салем Әл-Кайем, сириялық босқын:
 - Біз Батыс Еуропаға барғымыз келеді. Бірақ нақты қай елді паналайтынымыз белгісіз. Ол жағдайымызға байланысты. Германияда мигранттардың өте көп екенін естідік. Яғни онда барудан пайда жоқ. Мүмкін Швеция немесе Норвегияға барармыз.

 Осыдан біршама уақыт бұрын әлеуеті жоғары еуропалық мемлекеттер босқындарды өз қамқорлығына алды. Ал қазіргі жағдай мүлдем өзгерген. Яғни шекара шебіндегі қатаң тәртіп орнатылып, бірқатар транзиттік елдерде босқындар шоғыры ұлғайып барады. "Балқан дәлізі" деп аталатын жолдың бойында да ахуал күрделенген. Ханан Әбдел Кадер өзінің отбасымен 2 мың шақырым жол жүрді. Бұл оларды Кәрі құрлыққа жетелейтін соқпақтың жартысы ғана. Сербияның Адашевци қаласын уақытша мекен еткен сириялық отбасында қажетті қаржысы мен азық-түлігі де таусылған.

 Ханан Әбдел Кадер, сириялық босқын:
- Біз кеше кешке тамақ іштік. Балаларымыздың қазір қарны ашты. Адамдар осы жағдайымызды көріп, тауық етін берді. Оны өзара бөлісуге тура келді. Сирияда өзіміздің фермамыз бар еді. Бірақ соғыстың кесірінен бәрінен айырылдық.

 Бұл жердегі босқындар өз кезегін күтуде. Қазір олар шекарадағы шектеулерге алаңдаулы. Осыдан үш апта бұрын басқарушы коалиция оппозицияның ықпалымен мигранттарға уақытша баспана беру туралы шешім шығарды. Еуропалық мемлекет басшылары босқындарды өз бақылауында ұстауы үшін енді тәртіпті күшейтуге бекінді.

 Бүкіл Еуропаны есеңгіреткен босқындар дағдарысы туралы тілшілеріміз әзірлеген арнайы репортажды 17 қараша 21:40-та өткізіп алмаңыздар.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!