Ливанда Бейрутте орын алған жарылыс құрбандарына арналып қаралы күн жарияланды

Фотография - Ливанда Бейрутте орын алған жарылыс құрбандарына арналып қаралы күн жарияланды

Жұма күні орын алған қос жарылыс нәтижесінде құрбан болғандар саны 43 адамға жеткіп отыр

330 0

Ливанда жұма Бейрутте орын алған екі жарылыс салдарынан 43 адамның қаза табуына байланысты жалпыұлттық қаралы күн басталды.

Ливан премьер-министрі Таммам Салам ел халқын қоғам тыныштығын бұзуға әрекет еткен адамдар алдында  бірлікке шақырды, деп жазады Би-Би-Си.

БҰҰ бас хатшысы  Пан Ги Мун шабуыл жасаушыларды айыптап, Ливан қауіпсіздік қызметін "мұндай сорақы әрекет соңғы жылдары елде орнаған тыныштықты бұзуына жол бермеуге" шақырды. 

Соңғы деректерге сүйенсек, Бейруттегі екі жарылыс салдарынан 43 адам қаза тауып, 200-ден астам адам жарақат алды.

Жарылысқа жауапкершілікті Сирияда соғысып жатқан "Ислам мемлекеті" экстремистік тобы мойнына алды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!