Германия спортшылары допинг үшін түрмеге қамалатын болды

Фотография - Германия спортшылары допинг үшін түрмеге қамалатын болды

Спортшыларға тыйым салынған препараттарды жеткізген адам 10 жылға дейін түрмеге қамалуы мүмкін.

196 0

Германия депутаттары допинг тұтынғаны үшін спортшыларды жауапкершілікке тарту туралы заң қабылдады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап, неміс спортшылары тыйым салынған препараттарды тұтынғаны үшін бір жылға бас бостандығынан айырылады, не қомақты айыппұл төлейтін болды, деп хабарлады "РИА Новости". 

Спортшыларға тыйым салынған препараттарды жеткізген адам 10 жылға дейін түрмеге қамалуы мүмкін.
Жаңа допингке қарсы заң 13 қарашада бундестагтағы коалициялық көпшілік дауысымен қабылданды. Мұны Әділет министрі Хайко Маас, Ішкі істер министрі Томас де Мезьер және Германияның Олимпиадалық спорт конфедерациясы мақұлдады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!