Гренландияда жаһандық жылыну салдарынан алып мұздық ери бастады

Фотография - Гренландияда жаһандық жылыну салдарынан алып мұздық ери бастады

Мұздық жылдам қарқынмен еріп жатқандықтан, әлемдік мұхит деңгейі шамамен 50 сантиметрге көтерілуі мүмкін.

451 0

Гренландияда, ғаламшардағы ең ірі аралдың қалқаны саналатын "Zachariae Isstrom" мұздығы жарыла бастады.
Ғалымдардың айтуынша, бұл құбылыс ғаламшардағы температураның көтерілуіне байланысты. Мұздық жылдам қарқынмен еріп жатқандықтан, әлемдік мұхит деңгейі шамамен 50 сантиметрге көтерілуі мүмкін, деп жазады шетелдік БАҚ.
Гренландия мұздықтары толықтай еріген жағдайда, әлемдік мұхит деңгейі 6 метрге көтеріледі. Соның салдарынан мұхит маңындағы көптеген аудандарды су басуы мүмкін. Арал жағалауынан жаңа мұздықтар бөлінсе, жыл сайын әлемдік мұхитқа 5 миллиард тонна су қосылатыны белгілі.
Осы айдың соңында Парижде БҰҰ конференциясы өтеді деп жоспарланған. Оған әлемнің көптеген елдерінің көшбасшылары қатысады. Онда жаһандық жылынуға қарсы іс-қимыл мәселелеріне қатысты келісімдер жасалынбақ.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!