Қытайда көшкін салдарынан 16 адам қаза тапты

Фотография - Қытайда көшкін салдарынан 16 адам қаза тапты

Бұдан бұрын 9 адамның қаза тауып, 28 адамның хабар-ошарсыз кеткені хабарланған.

236 0

Қытайда Лишуй қалалық округінде көшкін жүрді. Балшық пен тас ағыны салдарынан 27 үй үйінді астында қалды. Бұл туралы РИА "Новости" хабарлады.

Соңғы деректер бойынша Қытайдың шығысында орналасқан Чжэцзян провинциясындағы  ауылда кемінде 16 адам қаза тауып, 21 адам із-түзсіз кетті, деп хабарлады жергілікті билікке сілтеме жасап  Ассошиэйтед пресс агенттігі.

Бұдан бұрын 9 адамның қаза тауып, 28 адамның хабар-ошарсыз кеткені хабарланған.

Оқиға қалалық Лишуй округінде Лидонг ауылында жұма күні кешке орын алды. Ағын ауылды басып, 27 үй балшыққа көміліп қалды.  Құтқарушылар әзірге аман қалған 1 адамды ғана тапты.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!