Жанкештіде футболға билеті болған, бірақ оны күзет стадионға кіргізбеген

Фотография - Жанкештіде футболға билеті болған, бірақ оны күзет стадионға кіргізбеген

Лаңкес Франция-Германия ойынының 15-ші минутында мінбеге кірмекші болған.

6868 0

"Стад де Франс" маңында шахид белдігін жарған жанкештілердің бірінде Франция-Германия ойынына билет болған, деп хабарлады The Wall Street Journal журналисі Сэм Уокер. Алайда күзетшілердің бірі лаңкесті ойынның 15-ші минутында тінте бастағанда, ол жарылғыш затты жарып жіберген.

Стадионға жақын жерде тағы екі жарылыс орын алды.

Жұма кешке Парижде террорлық акті сериясы орын алды. Белгісіз біреулер француздық астананың 10-шы округіндегі мейрамханалардың бірінде атыс ұйымдастырды. Француз президенті Франсуа Олланд қатысқан Франция мен Германия футбол құрамасының жолдастық матчы өтіп жатқан "Стад де Франс" стадионына жақын жерде тағы үш жарылыс орын алды.

Бұдан басқа, 11-ші округте "Батаклан" театрында рок-концертте белгісіз біреулер адамдарды кепілге алған. Париж мэрі лаңкестік салдарынан кемі 150 адам қаза тапқанын мәлімдеді. 110-нан астам адам кепілге алған кезде қаза тапқан, тағы 40 адам астананың басқа аудандарында ұйымдастырылған лаңкестік құрбаны болды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!