Франция әуе күштері ИГИЛ астанасына әуеден соққы берді

Фотография - Франция әуе күштері ИГИЛ астанасына әуеден соққы берді

Операцияға Францияның, БАӘ мен Иорданияның 12 ұшағы қатысты

418 0

Францияның әскери-әуе күштері Сирияда "Ирак пен Леванттың лаңкестік тобының" бекінген орындарына, соның ішінде содырлардың астанасы саналатын Ракка қаласына әуеден соққы жасады.

Операцияға Францияның, БАӘ мен Иорданияның 12 ұшағы қатысып, барлығы 20 бомба тасталды.

Нәтижесінде лаңкестердің бекінісі, жаттығу лагері мен қару-жарақ қоймасы күл-талқан етілді. Айта кетейік, халықаралық коалиция құрамына кіретін Франция "Ирак пен Леванттың лаңкестік тобына" қарсы әуе шабуылдарын өткен жылдан бері ұйымдастырып келеді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!