Париждіктер әлі де қорқынышпен жүр - Қазақстаннан барған эмигрант

Фотография - Париждіктер әлі де қорқынышпен жүр - Қазақстаннан барған эмигрант

Әйгерім Матаева теракт құрбаны бола жаздады

543 0

Парижде үшінші жыл тұрып жатқан Көкшетау қаласының тумасы Әйгерім Матаева Франциядағы терактілердің құрбаны бола жаздады, деп жазады Today.kz тілшісі. Қыз бала соңғы сәтте жоспарын өзгерткен.

Әйгерім Матаева Көкшетауда туып, өскен. Алайда, тұрмыс құрғаннан кейін Парижге көшкен. Онда ол қалалық консерваторияда қызмет етеді, ал оқиға болған күні "Батаклан" театрына жақын ғимаратқа йога жаттығуына бару керек болған.

"Терористтер қылмыс орындарын дәл есептеген – туристтер мен жергілікті тұрғындардың көп жиналатын орындарды таңдаған: стадион, "Батаклан" театры, барлар мен ресторандар. Көшеде өтіп бара жатқан адамдарды атқылағанын білемін. Мен ол күні "Батаклан" театрына жақын ғимаратқа йога жаттығуына бару керек болғанмын, алайда, соңғы сәтте өзімді жайсыз сезініп, жұмыстан тура үйге қайттым. Жүрегім сезген болар. Жағдай қазір де қорқыныш үйіреді. Оқиға 9:30 болды да, бәрі бір біріне қоңырау шалып, жазып, туысқндары үйде ма біле бастады. Әрине, менің де ата-анам Қазақстанда отырып алаңдады, ұялы телефоныма қоңырау шалды", - дейді Әйгерім Матаева.

Оның айтуынша, жергілікті телевидение теракттардан кейін тек прокурор мен билік өкілдерінің ғана сөзін көрсетуде, ресми мәліметтер мен сандар үнемі жаңарыуда. Ойын-сауықтық бағдарламалар көрсетілмейді, ал елде үш күндік қаралы күн жарияланды.

"Біз ол жерлерден алыс тұратынымыз құтқарған да шығар, біздің аудан тыныш, тіпті атыс пен сиреналарды да естімедік. Келесі күні біздің жұмысты уақытша жапты. Балармен бір жаққа бару да ұсынылмайды. Мен бүгін оқиға болған жерде болдым, "Републик" алаңында: адамдар ол жерге келіп, гүлдер, шамдар мен фотосуреттер қойып жүр. Таңғалдырған бір жайт, Париж көшелерінің мүлде бос қалуы: метрода да, көшеде де, кафеде де адам жоқ, Парижде тұрған екі жарым жылда мұндайды алғаш көруім. Зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ, ол күні еліміздің футбол жанкүйерлері мен рок-музыка тыңдаушылары болмаған сияқты", - дейді Әйгерім.

13-нен 14-не қараған түнді Парижде "қанды жұма" деп атап үлгерді.

Оқиғаны Ислам мемлекеті ұйымы өзмойнына алды. Соңғы мәліметтер бойынша қаза болғандар саны 129 адам.

Францияның СІМ кризистік орталығынының мәліметінше қаза болғандар мен зардап шеккндер арасында қазақстандықтар жоқ. Париждегі ҚР елшілігінде "жедел желі" ашылды: +33 1 45 61 52 00 FREE.

Нұрсұлтан Назарбаев қазақстан халқы және өз атынан қаза болғандардың жақындарына және Францияның барлық тұрғындарына көңіл айтты.


Тегтер:

париж теракт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!