103 жасқа толған шағында ең қарт спортшы қайтыс болды

Фотография - 103 жасқа толған шағында ең қарт спортшы қайтыс болды

Го Цзе 1936 жылы Берлинде өтен Олимпиада ойындарына қатысып, диск лақтырудан рекорд (41,13 метр) орнатқан.

249 0

Олимпиада ойындарына қатысушы, 103 жастағы қытайлық кәрі спортшы Го Цзе дүниеден озды, деп хабарлады Халықаралық жеңілатлетика федерациясының қауымдастығы сайтында. 

Го Цзе 1936 жылы Берлинде өтен Олимпиада ойындарына қатысып, диск лақтырудан рекорд (41,13 метр) орнатқан. 

Олимпиада ойындарынан кейін Токио университетінде технология саласында білім алып, мамандығы бойынша Бейжіңде қызмет етті. 

1950-1987 жылдар аралағында Сиань институтында денешынықтыру пәнінен сабақ берген. 

Го Цзе 97 жасында 2008 жылы Бейжің Олимпиадасының алауын қабылдау эстафетасына қатысты. Ол Олимпиада алауын Сиань көшелерімен алып өтті.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!