Әзербайжанның бүкіл аумағында интернет жұмыс істемейді

Фотография - Әзербайжанның бүкіл аумағында интернет жұмыс істемейді

Жергілікті провайдер Delta Telecom-ның мәліметтері бойынша, оның себебі техникалық проблемалардан болса керек.

106 0

Дүйсенбі күні жергілікті уақытпен сағат 16.00-де Әзербайжанда интернет жұмыс жасамай қалды, деп хабарлады Би-би-си.

"Қазіргі кезде бүкіл республикада интернет жоқ, сондықтан жаңалықтар күтеміз. Бізге де себебін хабарламайды. Біз мұнда Әзербайжанды интернетпен қамтамасыз ететін басты провайдер  Delta Telecom-ға тәуелдіміз. Сондықтан да біз пайдаланушылардың түсіністікпен қарауын өтінеміз", - деп мәлімдеді "Метронет" компаниясынан.

Жергілікті провайдер Delta Telecom-ның мәліметтері бойынша, оның себебі техникалық проблемалардан болса керек, мәліметтер беру желісін шарпыған өрте байланысты болып отыр. Ел билігі интернетке қолжетімділік бірнеше сағаттың ішінде түзеледі деп уәде беруде. Техникалық проблемалар елдің көптеген интернет-провайдерін, сондай-ақ ұялы операторларды  қамтыды. Бұл Әзербайжанда интернет түгел өшіп қалған алғашқы жағдай.  Бұдан бұрын әзербайжан байланыс министрлігі интернетті пайдалану салсында балалар мен жасөспірімдерді қорғау жөніндегі Ресей тәжірибесін алуды ұсынған болатын.

Осы жылғы июньде әзербайжандық БАҚ елдің Баспасөз кеңесі "Әзербайжанға қарсы парақтарға" байланысты "Фейсбук" әлеуметтік желісіне қолжетімділікті жабуға шақырған еді. Шілдеде пайдаланушылар тез байланысатын WhatsApp қосымшасындағы проблемалар туралы хабарлады, ал бірнеше күн өткеннен кейін пайдаланушылар Skype арқылы қоңырау шалуда да проблемларға тап болды.  


 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!