"Мен неге француз жалауын парақшама қоймадым?!"

Фотография - "Мен неге француз жалауын парақшама қоймадым?!"

Әлеуметтік желілерде жанашырлық танытқан жазбалардың қаптап кеткен француз елінің туына қарап күллі әлем халқы қайғырып жатқандай.

247 0

Ойламаған жерден лаңкестік оқиғалардың ортасына айналған Париждегі жарылыстардың тек француз елінің ғана емес, күллі әлем халқының да тыныштығын бұзды десе болғандай. Әлеуметтік желілерде жанашырлық танытқан жазбалардың аяқастынан күрт көбейіп, қаптап кеткен француз елінің туына қарап күллі әлем халқы қайғырып жатқандай күй туындағаны да белгілі.

Осы орайда қазіргі кезде Тайланд мемлекетінде тұратын Сара Юен есімді британдық журналист өзінің Фейсбук парақшасына неліктен француз елінің туын қоймағандығы жайлы былай жазба қалдырыпты.

"Сендер менен неге парақшамда француз елінің жалауы жоқтығын сұрайсыздар. Себебін айтайын, Парижде орын алған бұндай оқиғалар Иеменде күн сайын қайталанады. Тек Батыс күштері бұндай кезде тым-тырыс қалады.

Себебі, бұндай жарылыстар Ирак пен Ауғанстан жерінде жиі орын алады. Бір қызығы, жақында ғана базар маңында орын алған жарылыстан 200-ге жуық жанның құрбан болғанына кімнің қабырғасы қайысты?!

Неге ешкім Палестинаның жағдайына алаңдамайды?! Нигериядағы оқиғалар ше?! Батыс әлемі бұл оқиғалардың барлығына да бей-жай қарап, сырттай ғана бақылауда. Неге солардың алдында жауапкершілік сезінбейміз?!

Бір адамның өмірін келесі бір адамның өмірінен артық қоюдан асқан әділетсіздік бар ма?! Бүгін француздардың жалауын қойып, жанашырлық танытсақ, онда неге біздер сириялықтардың, күрдтердің, ирактықтар мен иемендіктердің туларын парақшамызға қоймаймыз?!

Белгілісі, батыс әлемін тек өздерінің өмірлері ғана қызықтырады. Егер біз әлемде бейбітшілік қаласақ, соғысты тоқтатуымыз қажет. Жарылысты доғару керек. Өздерін "Ислам мемлекеті" атаған содырлар соғысын Батыс әлемі шынымен қаласа, ертең-ақ тоқтатар еді. Алайда, бұл оларға пайдалы болғандықтан, ешкім ештеңе дегісі келмейді. Бұл Ирак пен Ауғанстандағы соғыстың Блэр мен Бушқа тиімді болғаны тәріздес оқиғалар. Бұл – шындық! Барлығымыз да бұны білеміз! Сондай-ақ, үндемей келгеніміз үшін жауапты екенімізді ұмытпайық!

Өз әріптестерімді жауапты органдар ұсынған жалған мәліметтерді қайталап көшіруден аулақ болуға шақырамын! Болған оқиғаларды сұрап, сараптап, талдай білейік. Шынайы шешімін табайық. Адамдар біздерден ақиқат ақпаратты күтетін ұмытпайық!".

muslim.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!