Ресейлік А321 ұшағының құлауына лаңкестік әрекет себеп болған

Фотография - Ресейлік А321 ұшағының құлауына лаңкестік әрекет себеп болған

Федералдық қауіпсіздік қызметі басшысының айтуынша, жеке заттар мен ұшақ қиындыларын тексеру барысында жарылғыш зат қалдықтары табылған

658 0

Ресейлік А321 ұшағының Синай түбегінде апатқа ұшырауына лаңкестік әрекет себеп болған. Бұл туралы Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметінің басшысы Александр Бортников Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуінде мәлімдеді, деп хабарлайды Today.kz  Кремлдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Федералдық қауіпсіздік қызметі басшысының айтуынша, жеке заттар мен ұшақ қиындыларын тексеру барысында шетелде жасалып шығарылған жарылғыш заттың іздері табылған.

"Біздің сарапшылардың тексерісі нәтижесінде самалет бортында 1кг-ге дейінгі эквиваленттегі тротилдік қуаты бар қолдан жасалған өздігінен жарылатын  зат болғаны анықталды. Сол себепті ұшақ әуеде жарылып бөлшектеніп кеткен.

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин лаңкестікті ұйымдастырған қаскүнемдердің барлығы тиісті жазасын тартады дегенді айтты. Сонымен қатар , Сирияға шабуылдың жалғасатынын, жалғасып қана қоймай күшейте түсу керектігін жеткізді.

Путин сондай ақ Ресей Федерациясының арнайы қызметіне Египетті құлаған А321 ұшағына қатысы барларды іздестіруді тапсырды. Шетелдік әріптестерінен  бұл істе барынша көмек көрсетуін сұрады.

Путин Ресей елі БҰҰ 51 қаулысына сәйкес өзін –өзі қорғау қағидатына сүйенетінін жеткізді


Естеріңізге сала кетейік, 31 қазан айында  Шарм-эль-Шейх әуежайынан Санк-Петербург қаласына бағыт алған Ресейдің Airbus A321 азаматтық ұшағы Синай түбегінде апатқа ұшыраған болатын. Әуе кемесінің бортында 217 жолаушы мен 7 экипаж мүшесі болған. Борттағылардың бәрі қаза болды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!