Үндістанда су тасқынынан 70-тен аса адам қаза тапты

Фотография - Үндістанда су тасқынынан 70-тен аса адам қаза тапты

Су тасқынына апта бойы толассыз жауған жаңбыр себеп болып отыр

194 0

Үндістанның оңтүстік аймағында орналасқан Тамилнад штатында су тасқынынан 71 адам қаза тапқан деп жазады ТАСС. 

Бір апта тоқтамай жауған жаңбырдың салдарынан өзеннің деңгейі күрт көтеріліп, су тасқыны орын алды. Үкімет халыққа жедел жәрдем көрсету мақсатында 11 құтқару тобын жіберген. Сондай-ақ, Ұлттық қауіпсіздік органының 400 қызметкері, тұрғындарды қауіпсіз орындарға тасымалдау үшін 6 тікұшақ көмекке келді.

Қатты зардап шеккен қалалардағы барлық оқу орындары жабылды. Осы уақытта өтеді деп жоспарланған емтихандар кейінге шегерілді. Су алған аумақта теміржол, автомобиль жолдары және көптеген электр сымдары бұзылған. Үндістанның ең көне діни және мәдени орталығы саналатын Канчипурамның барлық көшелері мен храм, басқа да ғимараттары су астанды қалды.

Штаттың министрі Джаярам Джаялалита зардап шегушілерге мемлекет тарапынан $ 7,6 млрд қаражат бөлінгенін мәлімдеді.

Ал, Үндістан гидрометеорологиялық департаментінің айтуынша, жақын арада бұл ауданда жаңбыр тоқтамайды, деп жазды baq.kz.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!