Қырғызстанда 150 баланы асыраған әжей көз жұмды

Фотография - Қырғызстанда 150 баланы асыраған әжей көз жұмды

Қырғызстанда 91 жасына қараған шағында Токтогон Алтыбасарова есімді кейуана дүниеден озды

203 0

Қырғызстанда 91 жасына қараған шағында Токтогон Алтыбасарова есімді кейуана дүниеден озды.

Ол екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистердің блокадасында қалып қойған 150 баланы асырап алған еді.

Ел басына күн туған қиын-қыстау кезде тылда жүріп осындай ерліктің ерен үлгісін көрсеткен, жат құрсақтан шыққан 150 балаға аналық мейірімін төккен кейуананың қазасына байланысты Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев оның туған-туыстарына көңіл айтты. 

Ыстықкөл облысына Ленинградтан әкелінген балаларды бөлу кезінде оның жасы бар-жоғы 16-да болатын. Соғыстан кейін асырап алған балалары жан-жаққа кетті. Асырап алған балаларынан бөлек майдангер күйеуінен сегіз бала, 23 немере және 13 шөбере тәрбиеледі. Кейуана Ыстықкөл облысындағы өзінің туған Құрменті ауылында жерленді.


islam.kz.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!