Шарм-эль-Шейх әуежайының 17 қызметкері тұтқындалды

Фотография - Шарм-эль-Шейх әуежайының 17 қызметкері тұтқындалды

Ресейлік ұшақтың бортына бомбаны орналастырғандарға көмектесті деген күдікпен Мысыр әуежайының қызметкерлері ұсталды

192 0

Ресейлік ұшақтың бортына бомбаны орналастырғандарға көмектесті деген күдікпен Мысыр әуежайының қызметкерлері ұсталды.

Interfax.ru-дың хабарлауынша, Шарм-эль-Шейх әуежайының 17 қызметкері тұтқындалған. Ал оның екеуі ұшақ бортына бомбаны орналастыруға көмек берді деп айыпталып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, 31 қазан айында таңғы уақытта Шарм-эль-Шейх әуежайынан Санк-Петербург қаласына бағыт алған Ресейдің Airbus A321 азаматтық ұшағы Синай түбегінде апатқа ұшырады. Әуе кемесінің бортында 217 жолаушы мен 7 экипаж мүшесі болған. Ал сейсенбі күні Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметінің басшысы Александр Бортников ұшақ апатының себебін лаңкестік әрекет екенін мәлімдеген болатын.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!