Париж маңындағы атыс кезінде үш күдікті оққа ұшты

Фотография - Париж маңындағы атыс кезінде үш күдікті оққа ұшты

Париж маңындағы Сен-Дени қалашығында лаңкестерге қарсы арнайы операция өткізілуде.

198 0

Париж маңындағы Сен-Дени қалашығында лаңкестерге қарсы арнайы операция өткізілуде.

Соңғы ақпаратқа сәйкес, атыс барысында 3 террорист оққа ұшқан. Олардың арасында жанкешті белдігін тағынып алған әйел адам болған. Қарулы қақтығыстан 3 полицей жарақат алды.

Осыған байланысты қазір қалашықтағы мектептер уақытша жабылып, көлік қозғалысы тоқтатылды, деп хабарлайды ТАСС. Сондай-ақ арнайы операция жүріп жатқан жер оқшауланып, полиция тұрғындардың терезеге жоламауын ескертті.

Тәртіп сақшыларының пайымдауынша, қоршауға алынған аймақта Париж терактілерін жасаған 9-лаңкес болуы әбден мүмкін.

 Естеріңізге сала кетсек, Париждегі қанды қырғын болған жерден алынған бейнежазбаны тексерген тергеушілер теракт жасауға тоғызыншы лаңкестің қатысқанын айтқан еді.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!