Босқындар ағынын тоқтату үшін Македония мен Грекияда дуал салынады

Фотография - Босқындар ағынын тоқтату үшін Македония мен Грекияда дуал салынады

Македония мен Грекия арасындағы шекарада дуал салынатын болды.

327 0

Македония мен Грекия арасындағы шекарада дуал салынатын болды.

Бұл – македондық биліктің бұйрығы. Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің шешімі бойынша босқындар ағынын тоқтату үшін тез арада қоршау салу керек. «Алайда бұл екі ел арасындағы қарым-қатынасқа әсер етпеуі тиіс», - дейді ресми өкілдер. Мыңдаған мигранттар Македония мен Грекия арқылы Хорватия, Сербия және Австрия елдеріне күн сайын өтіп жатады. Алайда Париждегі лаңкестік әрекеттердің салдарынан бұл ел де сақтық шараларын күшейтті.

Али Исен, Пәкістаннан барған босқын:
- Македонияға жеткенше мен достарыммен бірге талай жантүршігерлік оқиғалардың куәсі болдым. Францияға аман-есен жетем деген үміттемін. Француз елінің террористік шабуыл салдарынан шекарасын жапқанын білемін. Алайда ең әуелі Германиядағы жағдайды көру керек. Содан кейін қайда баратыным белгілі болады.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!