Үндістанда су тасқынынан 150-ден астам адам көз жұмды

Фотография - Үндістанда су тасқынынан 150-ден астам адам көз жұмды

Баспанасынан айырылған тағы 60 мың тұрғын қауіпсіз жерге көшірілген.

219 0

Үндістанның оңтүстігіндегі Тамилнад штатында алапат су тасқыны 150-ден астам адамның өмірін жалмады. Баспанасынан айырылған тағы 60 мың тұрғын қауіпсіз жерге көшірілген.

Штаттағы бірқатар өңірлер табиғи апат аймағы деп танылды. Қала көшелеріндегі судың деңгейі 1,5 метрге жетеді. Теміржолдар мен метро қызметі тоқтап тұр. Оқу орындарының есігі де жабық. Ал тұрғындар жарықсыз отыруға мәжбүр. Құтқару операциясына ел әскері тартылған. Жергілікті билік жапа шеккендерге көмек ретінде 7,6 миллиард доллар бөлінгенін жария етті.

Айта кетейік, топан суға өңірде бір апта бойы толассыз жауған нөсер себеп болды. Ал синоптиктердің болжамы көңіл көншітпейді. Мамандардың айтуынша, жаңбыр әлі екі күн бойына жауады.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!