Париж оқиғаларынан кейін Еуропа елдері мигранттарды қабылдаудан бас тартуда

Фотография - Париж оқиғаларынан кейін Еуропа елдері мигранттарды қабылдаудан бас тартуда

Париждегі лаңкестік шабуылдан кейін Еуропа елдері қауіпсіздік шараларын күшейткен болатын.

700 0

Париждегі лаңкестік шабуылдан кейін Еуропа елдері қауіпсіздік шараларын күшейткен болатын.

Алайда бұл босқындар үшін жағымды жаңалық болмады. Өйткені көптеген мемлекеттер шекараларын жауып, мигранттарды қабылдаудан бас тартты. Есігін босқындар үшін айқара ашқан Еуропа мен Америка елдері бүгінде шекараларын жауып, қорғандар тұрғызып жатыр. Уақытша қонақ болып келген мигранттар ендігі кезде жергілікті тұрғындарға қиындық туғызғандай.

Бұл – Чехиядағы босқындарға қарсы шеру. Ереуіл ел президентінен де қолдау тауыпты. Милош Земанның айтуынша, Чехияда бұрыннан жарты миллионнан астам шетелдік тұрады. Олардың дінге деген көзқарасы түзу, мәдениеті де еуропалықтарға сай.

Милош Земан, Чехия президенті:
- Мигранттардың көбісі дені сау жас адамдар. Неліктен олар өз отанын лаңкестерден азат ету үшін күреспей, елінен безіп жүр?

Венгрияның оңшылдар партиясы да Еуроодақтың бұндай көші-қон саясатына қарсы. Енді олар бұл мәселені жалпыхалықтық референдумға шығаруды ұсынды. Партия жетекшісі Габор Вона иммиграция мен лаңкестіктің қатар жүретінін айтты.

Габор Вона, оңшылдар партиясының жетекшісі:
 - Кейбір лаңкестер Еуропадағы босқындар ағынымен бірге келген. Террористердің кейбіреулері мигранттардың екінші немесе үшінші ұрпақтарынан тарады. Алайда лаңкестік жасау ешкімнің пешенесіне жазылмаса да, терроризм мен иммиграция бір-бірімен тығыз байланысты.

АҚШ-тың 24 штаты сириялық босқындарды қабылдаудан бас тартты. Еуропаның бірқатар елдері де Таяу Шығыстан келгендер үшін есігін жапқан. Олардың ішінде Латвия мен Польша да бар. Сонымен қатар Македония да миграция ағынын азайтпақ. Бұл мақсатта жергілікті билік Грекиямен ортақ шекарасына қорған салады. Македония елінің ресми өкілдерінің айтуынша, бұл екі ел арасындағы қарым-қатынасқа әсер етпеуі тиіс.

Отанын тастап, бейбіт өмір іздеп шыққан босқындар үшін талай елдің қақпасы жабылды. Мигранттар мен еуропалықтар үшін бұл мәселе жуырда шешімін табуы тиіс. Олай болмағанда, «Батыс елдерінде азаматтық соғыс басталып кетуі мүмкін», - дейді жергілікті халық.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!