БҰҰ қауіпсіздік кеңесі лаңкестік ұйымдарға қарсы жаңа резолюция қабылдады

Фотография - БҰҰ қауіпсіздік кеңесі лаңкестік ұйымдарға қарсы жаңа резолюция қабылдады

Франция ұсынған қарарды БҰҰ-ның қауіпсіздік кеңесі бірауыздан қабылдады

265 0

Франция ұсынған қарарды БҰҰ-ның қауіпсіздік кеңесі бірауыздан қабылдады.

Құжатта халықаралық заң талаптарына сай ұйымға мүше елдерді Ирак пен Сириядағы лаңкестердің көзін жою үшін күш біріктіріп, барлық шараларды қабылдау туралы үндеу бар. Ұйым жарғысы бойынша, ең алдымен "Ирак пен Левант лаңкестік ұйымы" және "Джебхат ан-Нусра" мен "Әл-Каидаға" қатысы бар барлық лаңкестік топтарға қарсы бақылауды екі есе күшейту көзделіп отыр. Сондай-ақ резолюцияда Анкара, Бейрут, Париж және Синай аралындағы, Ресей ұшағына жасалған соңғы лаңкестік әрекеттер айыпталған. Оған қоса Ирак пен Сириядағы террористердің көзін жою үшін сырттан келетін содырлар мен мұнай саудасынан түсетін қаржы жолдарын кесу керектігі де айтылыпты.

Франсуа Делатре, Францияның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі: - Біз «Ирак пен Левант лаңкестік ұйымына» қарсы күресте күш біріктіруге тиіспіз. Дәл осы резолюция барлығымыздың лаңкестерге қарсы бірге аянбай күш жұмсауымызға сеп болады деп сенемін. Шын мәнінде террористерге дер кезінде мән беріп, көзін жоймаса болмайды. Олар – әлем тыныштығына қауіп төндіретін бірден-бір ұйым.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!