Сауд Арабиясында ақын өлім жазасына кесілді

Фотография - Сауд Арабиясында ақын өлім жазасына кесілді

Ашраф Файядты 2013 жылы Сауд Арабиясының оңтүстік-батысында елдің дін полициясы тұтқындаған.

426 0

 Сауд Арабиясының соты Ислам дінін сатты деп, әртіс әрі ақын Ашраф Файядты өлім жазасына кесті. Бұл туралы BBC хабарлайды.

Палестиндік ақын дінінен бас тартқаны үшін басы кесілуі тиіс деген сот құжаты Human Rights Watch құқық қорғаушыларының қарауына өтті. Ашраф Файядты 2013 жылы Сауд Арабиясының оңтүстік-батысында елдің дін полициясы тұтқындаған. 2014 жылдың басында сот оны 4 жылға бас бостандығынан айырып, 800 дүре ұру жазасына кескен еді. Файядтың өзі болса, жабылған айыптың бірде-біреуімен келіспеген. Ол өзін шын мұсылманмын деп санайды.

Оны тұрғындардың бірі Алла мен пайғамбар атына кір келтірді деп айыптаған болатын. Сондай-ақ куәгер 35 жастағы ақынның өлеңдерінде атеистік идея жатыр деп айыптаған екен. Бұған сенген ел соты ақынды өлім жазасына кесіп отыр, деп жазады 24.kz.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!