Қырғызстанда жер сілкінісі салдарынан төрт мыңға жуық ғимарат бүлінген

Фотография - Қырғызстанда жер сілкінісі салдарынан төрт мыңға жуық ғимарат бүлінген

Сейсенбі және сәрсенбі күні Қырғызстанда қуаттылығы 7 балға дейін жеткен бірнеше жер сілкінісі болды.

456 0

Ош облысында сейсенбіден бері жалғасып келе жатқан тербелісі 6-ға жететін жерасты дүмпулері салдарынан 4 мыңнан астам үй мен әлеуметтік нысан бүлінген. Бұл туралы жексенбі күні республика парламентіне сілтеме жасап РИА Новости хабарлап отыр.

Сейсенбі және сәрсенбі күні Қырғызстанда қуаттылығы 7 балға дейін жеткен бірнеше жер сілкінісі болды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Жер сілкінісінің ошағы елдің оңтүстігінде, Ош облысының Қарасу ауданында орналасқан. Ел билігінің мәліметтерінше, табиғи зілзала салдарынан 200-ден астам үй апаттық жағдайда болып, 50-ден астам әлеуметтік нысан түрлі бүлінулерге ұшырады Жұма және сенбі күндері тағы төрт жерасты дүмпуі болды, олардың магнитудасы 5,1-ге жеткен. Қырғызстанның елді мекендерінде жерасты дүмпулерінің күші 5 балға дейін жеткен. Осы уақыт аралығында Қырғызстанда 7 күшті жер сілкісіні болған.

"Жогорку Кенеш төрағасы Асылбек Жээнбековтің тапсырмасымен, 21 қараша күні депутаттар тобы жер сілкісінінен зардап шеккен Ош облысының аудандарына барып, онда қалыптасқан жағдаймен, көрсетіліп отырған көмекпен танысып өтті. Үкіметтің Ош облысындағы өкілетті өкілінің бірінші орынбасары Байыш Юсуповтің ақпараты бойынша жер сілкінісі салдарынан 4 мыңнан астам ғимарат бүлінген", - деп хабарлады агенттіктің сұхбаттасушысы.

Ел билігінің мәліметтерінше, бірінші 7 балдық сілкіну кезінде көптеген үйлерде жарықтар пайда болған. Олар одан кейін болған дүмпулерден кейін ұлғайған.

ТЖМ желісі бойынша зардап шеккен аудандарда он және отыз орындық 300 қысқы шатыр орнатылып, 130 жылытқыш қойылған, жылытылған контейнерлер мен киіз үйлер орнатылып, көрпелер мен азық-түліктер беріліп жатыр. Панасыз қалғандарды орналастыру үшін тағы кем дегенде 500 жылытылған контейнер қажет, деп атап өтті баспасөз қызметінен. 

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!