Италияда лаңкестікке қарсы шеру ұйымдастырылды

Фотография - Италияда лаңкестікке қарсы шеру ұйымдастырылды

Жиналғандар "Терроризм дінге бөлінбейді" деген ұрандар жазып алған.

213 0

Терроризмді айыптаған Италияның жүздеген мұсылманы Римдегі Қасиетті апостол алаңында жиналды. 

Марокко, Пәкістан, Түркия, Сенегал сияқты елдерден барған мұсылмандар өлім мен қорқыныштан әбден қажығандарын ашына айтады. Жиналғандар "Терроризм дінге бөлінбейді" деген ұрандар жазып алған. Париждегі лаңкестік әрекеттерден кейінгі үрейге қарамастан жергілікті жұрт алаңға отбасы мүшелерін түгел ертіп келген. Мәселен, Сами Салем төрт баласын алып шығыпты. "Франциядағы қайғылы оқиға бізді күйзеліске ұшыратты", - дейді ол. Сами Салем, шеруге қатысушы: - Дін әлемді, адамзатты құтқару үшін керек. Ал біз бүгін зорлық-зомбылыққа, Ислам дінін жамылған лаңкестікке қарсымыз. Хикам Бахджи, шеруге қатысушы: - Исламның терроризмге еш қатысы жоқ. Керісінше, бұл – жақсы адамдардың, бейбітшілік пен тыныштықтың діні. Біз бүгін осыны түсіндіргіміз келеді. Абдулла Нанани, шеруге қатысушы: - Франциядағы болған сұмдық бәрімізді есеңгіретіп тастады. Және қаланы қан бөктіргендер мұсылмандар емес. Тіпті оларды қалай атау керек екенін де білмеймін. Палермо, Парма, Лука, Генуя, Милан. Италияның әр қаласындағы мұсылмандар жұдырықтай жұмылып, жан-жақтан бас көтеріп жатыр. Олардың әрқайсысы "үніміз бүкіл әлемге жетіп, қалың жұртты ойландырса екен" деп тілейді.

24.kz





Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!