Бухарест түнгі клубындағы қаза тапқандар саны 60-қа жетті

Фотография - Бухарест түнгі клубындағы қаза тапқандар саны 60-қа жетті

Бүгінгі күні Бухарест ауруханасында 40 жарақат алған адам жатыр.

158 0

Румыния астанасындағы Бухарест түнгі клубында қаза тапқандар саны 60-қа жеткен деп жазады ТАСС.

Денсаулық басқармасының журналистерге берген сұхбатында қазіргі таңда 28 адам ауыр жарақатымен Нидерланды, Норвегия, Швейцария, Австрия, Бельгия, Германия және Израильдің жоғары дәрежелі ауруханаларында жатырғанын айтқан. Аталған мемлекеттер жедел жәрдем сұраған румыниялық билік өкілдерінің өтінішін орындады. Алайда, науқастардың көпшілігі жолды, көшіруді көтере алмай, жарты жолда көз жұмды.

Бүгінгі күні Бухарест ауруханасында 40 жарақат алған адам жатыр. Олардың жағдайы күннен күнге нашарлап бара жатқанын айтады дәрігерлер.
Айта кетейік, оқиға орнында 27 адам қаза тапқан еді. Ал, 200 тұрғын ауыр жарақат алған болатын.

Сондай-ақ, осы оқиғадан кейін, елде билікке қарсы ереуілдер басталды. Соның салдарынан үкімет басшысы Виктор Понта отставкаға кетті.
 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!