Грекяның жағалау қызметі босқындар қайығын суға батырмақ болған

Фотография - Грекяның жағалау қызметі босқындар қайығын суға батырмақ болған

Ғаламторда қаталдығымен елді елеңдеткен бейнеролик пайда болды

159 0

Ғаламторда қаталдығымен елді елеңдеткен бейнеролик пайда болды.

Жазбада Грекия жағалау қызметінің формасын киген ер адам кемеге таяп келген босқындардың резеңке қайығына ұшы сүйір, ұзын арнайы темір құралды тыққылап, жарып тастауға талпынуда. Бірақ жанұшыра айқайлаған сириялық мигранттар үстінен жаншылған темірді әрдайым қармап қалып, қайықты тестірмейді.

Ойы іске аспаған гректер кетіп тынады. Сол сәтте бұл жанталасты алыстан көріп жеткен түрік кемесі адамдарды құтқарып, Дидима портына алып кетті, деп хабарлайды russian.rt.
 Бейнеролик халықаралық Amnesty International ұйымының назарына ілікті.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!