Бельгияда лаңкестікке қатысы бар бес күдікті ұсталды

Фотография - Бельгияда лаңкестікке қатысы бар бес күдікті ұсталды

Бельгияда лаңкестерге қарсы операция кезінде тағы бес күдікті тұтқындалды

347 0

Бельгияда лаңкестерге қарсы операция кезінде тағы бес күдікті тұтқындалды.

Олар 13 қарашада Парижде жасалған жарылыстарға қатысы болуы мүмкін деген болжам бар. Франциядағы лаңкестік шабуылдардан кейін Бельгия үкіметі арнайы операциялар жүргізіп, барлығы 21 күдіктіні тұтқындаған. Алайда полиция басты нысанаға алған Париждегі лаңкестік әрекеттердің ұйымдастырушысы Салах Абдеслам қолға түскен жоқ. Ақпарат көздеріне қарағанда соңғы рет полиция оны Брюссельде байқаған. Бірақ із суытып үлгерген. Бельгия премьер-министрі Шарль Мишель елдегі қауіпсіздік жағдайының әлі де сақталатынын айтып, мектептер мен метролардың жұмысы сәрсебіден бастап жанданатынын мәлімдеді.

24.kz/


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!