Британия келесі айда Сирияға әуе соққысын жасамақ

Фотография - Британия келесі айда Сирияға әуе соққысын жасамақ

Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон дүйсенбі күні өткен кезекті отырысында ұлттық қауіпсіздіктің жаңа жобаны ұсынды

180 0

Желтоқсан айының бірінен бастап Ұлыбритания мемлекеті Сирия аумағындағы *ИМ лаңкестік ұйымы орналасқан аймаққа шабуыл ұйымдастыратын болады, деп жазады Daily Mail ақпарат құралы. 

"Сириядағы ИМ содырлар ұйымының ядролық, химиялық және биологиялық жарылғыш зат арқылы шабуыл жасайтыны анықталды. Соған орай, мемлекет басшылары Сирия аумағына әуе соққы жасауды қолға алып отыр. Ол келесі сейсенбіге жоспарлануда" дейді үкімет өклідері.

Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон дүйсенбі күні өткен кезекті отырысында ұлттық қауіпсіздіктің жаңа жобаны ұсынды. Сондай-ақ, Сыртқы істер комитетіне ИМ-мен күресуге арналған осы стратегияны жүзеге асыруға тапсырма берілді.

"Мен біздің халықаралық одақтастарымызға тек Ирактағы ғана емес, Сирия аумағындағы ИМ лаңкестеріне қарсы күш біріктіркуге дәлел табамын", - деді Кэмерон.

Айта кетейік, ИМ лаңкестік ұйымы үш жыл ішінде Ирак пен Сирияның көп бөлігін жаулап алды. Сондай-ақ, олар Солтүстік Африка елдеріне де өз билігін жүргізуге тырысуда.

*ИМ Қазақстан аумағында қызметіне тиым салынған террористтік ұйым.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!