Джон Керри іссапармен Таяу Шығысқа барды

Фотография - Джон Керри іссапармен Таяу Шығысқа барды

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Ақ үйдің Израильдегі жағдайға алаңдайтынын жеткізді.

182 0

Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяху АҚШ-тың мемлекеттік хатшысымен кездесуінде ол "терроризм ушыққан шақта бейбіт өмір болмайды" деп пікір білдірді. Джон Керри Таяу Шығысқа сапары аясында Израиль және Палестина билігімен аймақтағы жағдайды реттеу барысын талқылайды деп күтілуде. Естеріңізде болса, иордан өзенінің батыс жағалауы мен Иерусалимдегі ахуал әлі күнге дейін шешімін таппай келеді. Онда күнделікті атыс-шабыстан бейбіт халық жапа шегуде. 1 қазаннан бері 19 Израиль тұрғыны мен 90-ға жуық Палестина азаматы қаза тапты. Бұл ретте АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Ақ үйдің Израильдегі жағдайға алаңдайтынын жеткізді.

 Джон Керри, АҚШ мемлекеттік хатшысы:
- Бұл террорлық іс-әрекеттер жазалауды қажет етеді. Мен нақақтан-нақақ бейбіт халықтың өмірін қиған немесе бүтіндей бір мемлекетке қауіп төндірген кез келген лаңкестік іс-қимылды айыптаймын.

Биньямин Нетаньяху, Израиль премьер-министрі:
- Әлемде террорлық іс-әрекеттер көрініс тауып жатқанда, ешқандай бейбіт заман болмайды. Израиль бұл қатермен әр сағат сайын күресуде. Біз лаңкестерге қарсылық білдіріп қана қомай, оларды айдап салатын күштерге де төтеп берудеміз. Әрине, халықаралық қауымдастық та бізді қолдайтынына сенемін.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!