Volvo жүргізушілерге жолда кино көрумен уақыт қысқартуды ұсынбақ

Фотография - Volvo жүргізушілерге жолда кино көрумен уақыт қысқартуды ұсынбақ

Volvo компаниясы Concept 26 көлігін шығаруды жоспарлауда.

543 0

Мұнда жүргізушінің көлікті басқарумен ғана шектелмей, жолдағы уақытты барынша тиімді өткізуі көзделген.

Өндіруші автосүйер қауым мен жүргіншілердің қауіпсіздігін де ескерген. 
Volvo инженерлері американдық жүргізушілер күн сайын жолға жұмсайтын орташа уақыттарын - 26 минутты барынша қызықты өткізуі қажет деп санайды, сондықтан да жүргізушіге Concept 26 үш режимді ұсынады: көлік жүргізу, жұмыс істеу және көңіл көтеру. 
Бірінші режім көлікті әдеттегі басқаруға арналған. Екіншісі жүргізуден бөлек, жылжымалы үстел мен компьютер көмегімен жұмыс істеуге, үшіншісі - жолды қысқартып, дем алу үшін 25 дюймді мониторда кино көріп немесе музыка тыңдап, уақыт қысқартуға арналған, деп хабарлады "Популярная механика" порталы.


ҚазАқпарат



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!