Еуроодақтағы әрбір төртінші бала кедейлік шегінде

Фотография - Еуроодақтағы әрбір төртінші бала кедейлік шегінде

Дұрыс тамақтанбайтын балалар (аштық) мәселесі ЕО елдерінде де өршіп келеді

256 0

Сейсенбі Еуропарламент депутаттары Еуроодақ елдері балаларының кедейшілігі мен әлеуметтік теңсіздікпен күрес бойынша шараларды ұлғайтуға шақыратын қарарды мақұлдады.

Бұл туралы Еуропалық парламенті таратқан коммюникеде айтылды. 

«Еуростат» ЕО статистикалық бюросының ақпаратынша,  2014 жылы ЕО-дағы шамамен 26 млн. бала (18 жасқа толмаған) кедейлік пен әлеуметтік шектеу шегінде болды. Бұл ЕО-дағы барлық баланың 27,7%-ы.

"Кедейшілік тұрмыс кешіп отырған баланы ЕО-ның әр елінен табуға болады. Басым бөлігі Румыния (51%), Болгария (45,2%) және Венгрияда (41,4%), бұл көрсеткіш бойынша көш соңында Дания (14,5%), Финляндия (15,6%) және Швеция (16,7%) келеді", - деп атап өтті Еуропарламентте. 

Дұрыс тамақтанбайтын балалар (аштық)  мәселесі ЕО елдерінде де өршіп келеді. БҰҰ Балалар қорының (UNICEF) деректерінше,  Эстония, Грекия және Италияда екі күннің бірінде ет, тауық еті және балықпен тамақтануға жағдайы келмейтін балалардың саны 2008 жылдан бері екі есеге артты.  

Еуропарламентте сапалы білім мен  медицинаға деген қолжетімділік проблемасы да бар екеніне сенімді. 


Тегтер:

еуроодақ

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!