НАТО Ресей мен Түркияны сабырға шақырды

Фотография - НАТО Ресей мен Түркияны сабырға шақырды

НАТО-ның бас хатшысы Түркия мен Сирия шекарасында атып түсірілген ресейлік ұшаққа байланысты тараптарды сабырға шақырды

1107 0

НАТО-ның бас хатшысы Түркия мен Сирия шекарасында атып түсірілген ресейлік ұшаққа байланысты тараптарды сабырға шақырып, "жағдайдың ушығып кетуіне жол берілмеу керек", - дейді.

Бұл туралы Йенс Столтенберг Солтүстікатлантикалық кеңестің кезектен тыс отырысынан кейін мәлімдеді. Ол болашақта осыған ұқсас жағдайларды болдырмау үшін алдын алу шаралары қарастырылып жатқанын жеткізді. Түркияның аймақтық тұтастығына қолдау білдірген Столтенберг мырза Солтүстікатлантикалық Блок мәліметтері туралы тіс жармады. Ол Мәскеу мен Анкараның бұл қиындықты шешуге барын салатынына үміт артатынын жасырған жоқ.

Йенс Столтенберг, НАТО бас хатшысы:
- Бұл өте күрделі жағдай. Оған парасаттылықпен және асқан сақтықпен қарау керек. Мәскеу мен Анкара арадағы түйткілді шешіп, болашақта мұндай жағдайға орын бермеуі тиіс. Бізде бәрімізге ортақ бір ғана жау болуы керек. Бұл – *"Ирак пен Леванттағы лаңкестік ұйым". Мен олармен күрес жолындағы шаралардың барлығын қолдаймын.

24.kz

ИМ - Қазақстан аумағында қызметіне тиым салынған террористтік ұйым.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!