Франция премьері: ЕО енді босқындарды қабылдамайды

Фотография - Франция премьері: ЕО енді босқындарды қабылдамайды

Мануэль Вальстің айтуынша, Франция мен Бельгия айқын себептерге байланысты мигранттарды қабылдауды тоқтатуы тиіс.

249 0

 Франция премьер-министрі Мануэль Вальс Еуропа Таяу Шығыстан енді босқындарды қабылдамайтынын, өз шекарасының қауіпсіздігін нығайтуы тиіс екенін мәлімдеді.
"Бұл Германияны сынға алғаным емес. Германия өз таңдауын жасады. Алайда ол өз жауапкершілігін сезінуі тиіс", - деп атап өтті журналистермен әігімелесу барысында Вальс.
Оның айтуынша, Франция мен Бельгия айқын себептерге байланысты мигранттарды қабылдауды тоқтатуы тиіс.
Франция Премьері 2015-2016 жылдары 30 мыңға дейін босқын қабылдау міндеттемесін орындауға ниетті екенін атап өтті, алайда француздар Парижде 13 қарашада орын алған лаңкестіктің кейбір орындаушылары елге мигранттар қатарында келгенін білетінін атап өтті.
"Бұл Еуропаның босқындар ағынын бақылау және шекараларды бақылау шешімін іске асыру бойынша мүмкіндіктер проблемасын көтереді", деп қосты ол.
Жуырда Грекия мен Македония арасындағы шекарада тұрып қалған мигранттар Еуропаға өткізбеуіне қарсы наразылық ретінде өз ауыздарын тіккені белгілі болды.
Еуропадағы шекараларды қорғау мәселелері бойынша пікірсайыстар 13 қарашада Парижде орын алған шабуылдар сериясынан кейін күшейіп кетті.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!