Шіркеу қызметкері жұма намазына қатысып, мұсылмандарға қолдау көрсетті

Фотография - Шіркеу қызметкері жұма намазына қатысып, мұсылмандарға қолдау көрсетті

Джесси Джексон өткен аптада Чикаго маңындағы шағын қалашықтардың бірінде өткен жұма намазына қатысты.

206 0

Белгілі американдық қоғам қайраткері әрі шіркеу қызметкері Джесси Джексон өткен аптада Чикаго маңындағы шағын қалашықтардың бірінде өткен жұма намазына қатысып, кейбір исламофобиялық көзқарастағы саясаткерлерге қарсы өз ойын жеткізді.

Американдық атышулы исламофоб Дональд Трамп жақын күндері  елдегі мұсылмандарға арнайы куәлік таратып, оларды ақпараттар базасына тіркеп қоюды ұсынған болатын. Сондай-ақ, ол губернаторларға үндеу жариялап, сириялық босқындарды қабылдамауларын сұраған еді.

Баптистік шіркеу қызметкері Джесси сириялық босқындарға бұлайша қатыгездік таныту Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қашып барған еврейлерге көрсеткен қайырымсыздықты қайталау болып табылады дейді. "Еврейлер сол кезде америка жағалауына "Сент-Луис" кемесімен келіп тұрған болатын. Алайда, оларды коммунисттерге санап, канцлагерьге қайта жіберген болатын. Біз бұл сорақылықты енді қайталамауымыз қажет, – дейді ол. – Біздер қайырымды болуымыз қажет. Босқындарды кері қайтарғанда, қандай қайғылы оқиға орын алатынын сезіне білуіміз қажет. Өткенімізден сабақ алуға тиіспіз".

Чикаго маңындағы қалашықта ол жұма намазына жиналған 500-ден астам мұсылман алдында осылайша өз ойын білдірді. Бұған дейін ол бар зейінімен жұма құтпасын тыңдап, намазын оқығандардың әр қимылын жіті қадағалаумен болған.

muslim.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!