Ресейде 25 адам мінген тікұшақ құлап, 12 адам ажал құшты

Фотография - Ресейде 25 адам мінген тікұшақ құлап, 12 адам ажал құшты

None

187 0

Ресейдің Краснояр өңірінде Ми-8 тікұшағы апатқа ұшырап, салдарынан он екі адам ажал құшты, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС құқық қорғау органдарындағы дереккөзге сілтеме жасап. Бұл туралы nur.kz хабарлайды.

"Тікқұшақ бортында 22 жолаушы мен экипаждың үш мүшесі болған. Алдын ала деректер бойынша, апаттан 12 адам опат болып, қалғаны аман қалғанға ұқсайды", – дейді дереккөз.

"Бүгін Турухан ауданында ұшқан тікұшақтардың бірі әуеден Ми-8 тікұшағының жерге құлағанын байқаған. Жанармайы таусылғандықтан ол қона алмаған", – дейді дереккөз. Дегенмен тікұшақ экипажы шұғыл қызметтерге координаттарды жіберді.

"Оқиға орнына екі тікұшақ ұшып шықты", – деп хабарлады құқық қорғау органынан. Болжам бойынша, Ми-8 тікұшағы жергілікті авиакомпанияға тиесілі.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!