Ресей мен Анкара экономикалық байланыстарын үзуі мүмкін

Фотография - Ресей мен Анкара экономикалық байланыстарын үзуі мүмкін

Құлаған СУ-24-тің ұшқыштарын іздеуге шыққан Ми-8 тікұшағын содырлар құлатқан.

538 0

Ресей Түркиямен арадағы әскери ғана емес, тауар айналымы 31 миллиард долларды құрайтын экономикалық байланыстарын да үзуі мүмкін. Көрші елдің сарапшылары қазір осы мәселені сөз етіп жатыр. Ал екі елдің арасы сәт санап ушығып барады. Ресейліктер СУ-24 бомбалаушы ұшағы түрік әуе кеңістігіне кірген жоқ десе, Анкара бұған өз дәйектерін келтіріп жатыр. Бүгін сондай-ақ Сирияда Ресейдің тағы бір әуе көлігі атып түсірілді. Құлаған СУ-24-тің ұшқыштарын іздеуге шыққан Ми-8 тікұшағын содырлар құлатқан. Бұл туралы ктк арнасы хабарлайды.

Әр тараптың өз уәждері бар. Ресей әуе күштерінің дерегінше, Сирияның оңтүстігіне қарай бағыт алған ұшақ Түркия аумағына кірмеген. Түрік ұшақтары оны өз шекараларынан 4 шақырым жерде атып түсіріпті.

Сергей Рудской, РФ Әуе күштері Бас штабының басқарма бастығы :

-Түріктер тарапы ұшқыштармен ешқандай байланыс орнатпаған. Қайта, Түркия әуе күштерінің Сирия әуе кеңістігі қауіпсіздігін бұзғаны анықталды. Осыған байланысты, Ресей әуе базасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қосымша шаралар қабылдаймыз.

Ал Түркия өз әуе кеңістігіне бомбалаушы ұшақтың рұқсатсыз кіргенін дәлелдеп жатыр. Ресми Анкара ресейлік ұшаққа алдын ала он рет ескерту жасалғанын кеше айтқан болатын. Бүгін жергілікті ақпарат құралдары сол аудиожазбаны жарыса жариялады. Ескерту еленбеген соң ғана ұшақ нысанаға алыныпты.

Ахмет Дәуітоғлы, Түркия премьер-министрі:

-Жан-жағымыз от пен оққа оранып тұрған шақта, ел қауіпсіздігігін қамтамасыз ету үшін кез-келген қадамға барамыз. Әуе кеңістігімізге баса-көктеп кірген ұшаққа қатысты әскерулердің қимылын осы қырынан түсіну керек.

Бұдан бөлек, катапультпен секірген ұшқыштарын іздеуге шыққан ресейлік қос тікұшақтың бірін Сириядағы лаңкестер атып түсірген. Одан бір адам қаза тапты. Су-24-те болған екі ұшқыштың бірі де осы қарулы топтың қолынан өлген. Екіншісін сириялық әскерилер құтқарып қалған деген ақпарат бар. Ал бұл оқиғаның соңы үлкен жанжалға ұласқалы тұр. Қазірдің өзінде Ресей  өз қауқарын таныту үшін Сириядағы әскери ұшақтарын көбейтіп, ендігі жауаптың зымыранмен қайтарылатынын ескертуде. Екі елдің текетіресі аймақта үлкен қақтығысқа ұласуы мүмкін деген де болжамдар айтылып жатыр. Осыған байланысты, еліміздің Сыртқы істер министрлігі де мәлімдеме жасады. Қазақстан бұл тұрғыда қос тарапты жылдар бойы қалыптасқан байланыстарын үзбей, лаңкестікпен бірлесе күрес жүргізуге шақырды. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!