Оңтүстік Корея Volkswagen компаниясына 12,3 млн доллар айыппұл салды

Фотография - Оңтүстік Корея Volkswagen компаниясына 12,3 млн доллар айыппұл салды

Соңғы алты жылда Кореяда сатылған Volkswagen және Audi маркалы 125 мың машинаны қайта алып, жаңа авто сатылымын тоқтатуды бұйырды.

448 0

Оңтүстік Корея үкіметі Volkswagen неміс компаниясына мемлекеттің қатаң экологиялық ережелерін бұзғаны үшін 14,1 млрд вон (12,3 млн доллар) көлемінде айыппұл салды.

Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің бейсенбі күні жасаған хабарламасына сүйенсек, бір айға созылған зерттеу жұмыстарының нәтижесінде мемлекеттік мекеме 2009-2015 жылдар аралығында Кореяда сатылған Volkswagen және Audi маркалы 125 мың машинаны қайта алып, жаңа авто сатылымын тоқтатуға бұйрық берген.

Бұйрық көліктердің дизельді қозғалтқыштары бар Tiguan, Beetle, Q5, Q3 және A4 модельдеріне байланысты жасалған, деп хабарлайды ТАСС.

Министрліктің хабарлауынша, зерттеу жұмыстары алдағы уақытта Hyundai Motor, Kia Motors сынды басқа да көлік компанияларының өнімдерінде жүргізіледі.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!