Реджеп Тайып Ердоған: Біз Ресейден кешірім сұрамаймыз

Фотография - Реджеп Тайып Ердоған: Біз Ресейден кешірім сұрамаймыз

Қазан айының басында ресейлік ұшақтар бірнеше рет Түркияның әуе кеңістігін бұзғаны хабарланған болатын.

578 0

Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған ресейлік Су-24 әскери ұшағын атып түсіргені үшін Түркияның кешірім сұрамайтынын айтты. Бұл туралы CNN хабарлады деп жазады nur.kz.

"Меніңше, біздің кешірім сұрайтын жөніміз жоқ. Біздің әуе кеңістігімізге рұқсатсыз кіргендер кешірім сұрасын", – деп келтіреді Ердоғанның сөзін CNN.

Сонымен қатар, ол түрік әуе күштерінің өз міндеттерін орындағанын атап өтті.

Еске сала кетейік, 24 қараша күні түрік әскерилері Ресейдің Су-24 бомбалаушы ұшағын атып түсірді.

Түркия тарапы әуе кеңістігінің шекарасын бұзған ресейлік ұшаққа 10 рет ескерту жасағанын айтады. Ал ресейліктер ұшақтың Сирия аспанында болғанын алға тартуда.

Құлаған самолеттің ұшқышы Олег Пешков қаза тапты. Кейін оның Қазақстан тумасы екені анықталған.

Қазан айының басында ресейлік ұшақтар бірнеше рет Түркияның әуе кеңістігін бұзғаны хабарланған болатын.

Ертеректе, НАТО-ның бас хатшысы Түркия мен Сирия шекарасында атып түсірілген ресейлік ұшаққа байланысты тараптарды сабырға шақырып, "жағдайдың ушығып кетуіне жол берілмеу керек", - деп пікір білдірген. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!