Канада сириялық босқындарға көмек үшін 76 млн доллар бөлмекші

Фотография - Канада сириялық босқындарға көмек үшін 76 млн доллар бөлмекші

Ағымдағы жылдың соңына дейін Канадаға 10 мың босқын келеді. Ал тағы 15 мың мигрант келесі жылдың қаңтарынан бастап ел аумағына енетін болады

334 0

Канада үкіметі сириялық босқындарға көмек беру үшін 76 млн доллар бөліп, БҰҰ-ға жіберетін болады. Бұл туралы Халықаралық даму және француз тілділер қауымдастығының министрі Мари-Клод Бибо хабарлады деп жазады ТАСС ақпараттық агенттігі.

Оның айтуынша, аталған қаражат босқындардың күнделікті қажеттіліктеріне жаратылатын болады. «Біз сириялық босқындардың азық-түлікке зәру екенін жақсы білеміз. Сондықтан осындай көмек қолын созып отырмыз. Олар Сирияны тастап кету үшін өмірлеріне көп қатер төнсе де, тәуекелге бел буып отыр», - деді министр.

Ал, сейсенбі күнгі отырыста елдің Денсаулық сақтау министрі Джейн Филпотт 2016 жылдың наурызына дейін Сириядан 25 мың босқынды өз аумақтарына қабылдайтынын айтқан еді.

«Ағымдағы жылдың соңына дейін Канадаға 10 мың босқын келеді. Ал тағы 15 мың мигрант келесі жылдың қаңтарынан бастап ел аумағына енетін болады», - деді ол.

Сондай-ақ, министрдің айтуынша, босқындарды тасымалдау және орналастыру шығындарын үімет пен Канадалық жеке тұлғалар өз мойнына алады. Ал, Канадаға келетін мигранттар толықтай медициналық тексерістен өтететін болады деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін Канада үкіметі 25 мың сириялық босқынды қабылдауға дайын екендіктерін хабарлаған еді. 


Baq.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!