Мигранттар Македония полицейлерімен төбелесіп қалды

Фотография - Мигранттар Македония полицейлерімен төбелесіп қалды

Халықаралық ұйымдардың мәліметінше, 2015 жылдың 1 қаңтарынан 25 қарашасына дейін Грекия жеріне 721 217 мигрант келген.

338 0

Грекия-Македония шекарасындағы жаппай төбелес кезінде Македонияның 18 полицейі мен Африка және Таяу Шығыстан келген 20-ға тарта мигрант зардап шекті. Басынан жарақат алған екі тәртіп сақшысы ауруханаға түсті, деп хабарлайды BBC.
Македония әскері шекараға сым қоршау орната бастаған кезде Грекия арқылы еуропаның өзге елдеріне өтпек болған 250-ге жуық адам оларға тас жаудырған. Полиция шу шығаратын граната қолдануға мәжбүр болды.
Скопье билігі шекараны тас қылып жауып тастамайтынын айтып отыр. Қорған мигранттар белгіленген қосындар арқылы өту үшін салынып жатқан көрінеді, алайда рұқсатты тек Сирия, Ирак және Ауғанстан азаматтары алады. Сенбідегі қақтығысқа негізінен Марокко, Иран, Пәкістан және Алжир азаматтары қатысқаны белгілі болды.
Бейсенбі күні олар сым қоршауларды кесіп тастамақ болды. Бірнеше адам қарсылық ретінде аузын тігіп тастады.
Халықаралық ұйымдардың мәліметінше, 2015 жылдың 1 қаңтарынан 25 қарашасына дейін Грекия жеріне 721 217 мигрант кірген, оның 217 936-сы сириялық екен.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!