Канада үкіметі Сирияда барлау ұшақтарын ғана қалдырды

Фотография - Канада үкіметі Сирияда барлау ұшақтарын ғана қалдырды

None

309 0

Канада үкіметі Сирия мен Иракта тек барлау және қосымша күш ұшақтарын ғана қалдырып, қалған әуе техникаларын еліне қайтарды. Бұл туралы мемлекеттің Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Қазір "Ирак пен Левант лаңкестеріне" қарсы Канада әуе күштерінің CF-18 маркалы ұшақтары ғана ұшып жүр. Қорғаныс министрлігінің жаңа басшысы Харжит Сежан жергілікті әскерді лаңкестерге қарсы соғысуға үйретпесе, халықаралық коалиция құрғаннан пайда жоқ екенін айтқан. "Әрі үнемі сақадай сай тұратын әскер болмаса, бомбадан көп көмек жоқ. Ал әуе күштеріміз елге қайтқанымен, Канада лаңкестерге қарсы күресте сенімді серіктес болып қала береді", - деді қорғаныс министрі.

24.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!