Парижде 100-ге жуық адам қамуға алынды

Фотография - Парижде 100-ге жуық адам қамуға алынды

Франция астанасындағы бейбіт шеру соңы ереуілге ұласып, 100-ге жуық адам қамауға алынған

281 0

Франция астанасындағы бейбіт шеру соңы ереуілге ұласып, 100-ге жуық адам қамауға алынған деп жазады ТАСС ақпараттық агенттігі. 

Митингеке келгендер полицейлермен қақтығысып қалған. Шерушілер БҰҰ-ның «климаттың өзгеру мәселелері» жөніндегі конференциясының өткізілуіне қарсы. Белсенділер биліктің қоршаған ортаны қорғауға қатысты нақты шешім қабылдауын талап етуде. Алайда көпшіліктің жиналып, қоғамдық шара өткізуіне Париж билігі қарсылық білдірген екен.

Айта кетейік, күні бұрын тәртіп сақшылары ереуілдер ұйымдастырмақ болған тағы 24 адамды тұтқындағанеді. Ал климаттың өзгеру мәселелері жөніндегі БҰҰ-ның конференциясы бүгін басталып, 11 желоқсанға дейін жалғасады. Алқалы жиынға 100-ден астам мемлекеттің басшысы қатысады деп жоспарлануда.


BAQ.KZ



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!