Сауд Арабиясы әйел адамдарға басшы болуға алғаш рет рұқсат берді

Фотография - Сауд Арабиясы әйел адамдарға басшы болуға алғаш рет рұқсат берді

ауд Арабиясы тарихында алғаш рет әйел адамдар жергілікті билік органдарында басшылық қызметті атқара алатын болды

159 0

ауд Арабиясы тарихында алғаш рет әйел адамдар жергілікті билік органдарында басшылық қызметті атқара алатын болды.

Енді олар дауыс беру құқығына да ие. Желтоқсан айында елде болатын саяси додаға қазірдің өзінде көптеген әйел өз кандидатурасын ұсынып үлгерген. Солардың бірі – Фаузея әль-Харби. Ол мұндай мүмкіндікті 10 жыл күткенін айтады. Сондай-ақ осы кезге дейін қолдап келген елдегі әйелдер қауымы өзіне дауыс беретініне сенеді. Саяси тартыс әділ өтуі үшін Арабия басшылары шариғат бойынша бетін ашық көрсете алмайтын әйел үміткерлердің қарсыластары еркек кандидаттарға үгіт парақшаларына суреттерін жариялауға тыйым салған. Өздеріне берілген мұндай мүмкіндікті қуана қабылдаған жергілікті әйелдер билік басында өздерінің мұң-зарын қысылмай айтатын әйел басшының болатынына дән риза.

24.k


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!