АҚШ-та "елес-қала" саудаға шығарылды

Фотография - АҚШ-та "елес-қала" саудаға шығарылды

Қазір оны 250 мың долларға сатып алуға болады

239 0

Оңтүстік Дакота штатында халқы көшіп, қаңырап қалған Суэтт шағын қалашығы саудаға қойылды. Қазір оны 250 мың долларға сатып алуға болады, деп хабарлайды ТАСС.

Суэтт қаласында шағын бар, бір қабатты үй, бірнеше қора-қопсы мен дөңгелек жөндеу шеберханасы бар. Сондай-ақ мұнда артезиан құдығы тартылған. Ал ен даланың ортасына орналасқан қаланың ауданы небәрі 0,02 шаршы шақырымды құрайды. Мұнда асфальтталған жолмен жетуге болады.

Деректерге сәйкес, Суэтте тұрған ең көп тұрғын саны өткен ғасырда тіркелген. Қалашықта сонау 1940 жылы 40 адам тұрыпты. Қазір небәрі 2 тұрғын қалған.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!