Мұсылмандар синагогада құлшылық жасауда

Фотография - Мұсылмандар синагогада құлшылық жасауда

"Біз бәріміз бірге болуымыз керек, – дейді Beth Israel деп аталатын синагога президенті Ларри Гиллман. – Біз барлығымыз – канадалықтармыз".

247 0

Канада мемлекетінің Питерборо қалашығындағы мешітті ультраоңшыл экстремисттер өртеп жібергеннен кейін, мұсылман жамағаты енді жергілікті синагогада құлшылық жасап келеді. Тәртіп сақшылары бұл вандалдық әрекетке байланысты қылмыстық іс ашып, зерттеу жұмыстарын жүргізуде.

"Біз бәріміз бірге болуымыз керек, – дейді Beth Israel деп аталатын синагога президенті Ларри Гиллман. – Біз барлығымыз – канадалықтармыз".

Қаладағы әл-Салам мешітін 14-қараша күні Париждегі терактіге орай ұйымдасқан мұсылмандарға қарсы шерушілер қасақана өртеп жіберген болатын. Келген шығынның жалпы көлемі 80 мың долларды құрап отыр.

Қазіргі уақытта мұсылмандар синагогада екі рет жұма намазын оқыған. Сондай-ақ, ұжымдық ас өткізген. Kawartha деп аталатын мұсылмандар діни бірлестігінің төрағасы Кенза Абдулла бұндайды күтпегенін айтады. "Олар көп өтпей бізге келіп, барлық жағынан бізге көмектесуге әзір екендіктерін айтты", – дейді ол.

Ал, синагога президенті Гиллман бұл істің барлығына үлгі болатынына үмітті екенін айтады. 




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!